ӘлемБасты

Сотталған өзбекстандықтар енді түрмеде шет тілдері мен IT мамандықтарды меңгереді

Өзбекстан түрмелерінде жазасын өтеп жатқан жастар енді заманауи мамандықтар мен шет тілдерін меңгереді, деп хабарлайды Kazinform.

Тиісті жарлыққа президент Шавкат Мирзиёев қол қойды. Құжатқа сәйкес, биыл 1 маусымынан Ташкент, Науаи және Қашқадария облыстарындағы түзету мекемелерінде жастарды оқыту басталады. 2027 жылдың 1 наурызынан бастап бұл бағдарлама елдің басқа аймақтарында орналасқан түрмелерге енгізіледі.

Жоба “Иккинчи имкон” (“Екінші мүмкіндік”) бастамасы аясында іске асады. Сотталғандар 8-12 ай аралығынжа ағылшын, қытай, орыс тілдерін меңгеріп, заманауи мамандықтарды игереді.
Оқуды аяқтағандарға сертификат табысталады. Курстарға ауырлығы орташа қылмыс жасаған жастар іріктеліп алынады.

Қоса кетсек, былтыр Өзбекстанда жеңгетайлықпен айналысқан 2 мыңнан астам адам жазаланды.

Еске салайық, былтыр Өзбекстанда жемқорлыққа барған 252 әкімдік қызметкері қылмыстық жауапқа тартылды.

TuraNews

Back to top button