Қоғам
Солтүстік Қазақстандағы бірнеше ауылдың атауы қазақшаланады

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» бірлескен құжаты дайындалды, деп хабарлайды Turanews.kz.
Айыртау ауданы бойынша:
- Қамсақты ауылдық округінің Карасевка ауылына – Қамсақты;
- Володар ауылдық округінің Воскресеновка ауылына — Баянтай атауы беріледі.
Шал ақын ауданы бойынша:
- Кривощеков ауылдық округіне — Арай;
- Кривощеково ауылына — Арай ауылы атауы берілмек.
Әкімдік қаулысы мен облыстық маслихаттың бірлескен шешімі 7 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.