
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның пойызы 10 қыркүйекте кешке Ресейге жол тартты. Онымен бірге елдің СІМ басшысы мен әскери комитет басшысының орынбасары келеді, деп жазады Turanews.kz РИА новости-ге сілтеме жасап.
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей басшысының Ким Чен Ынмен кездесуі Қиыр Шығыста өтетінін айтты. Оның айтуынша, бірінші кезекте елдердің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастыққа, сауда-экономикалық байланыстарға және мәдени алмасуларға байланысты мәселелерді талқылайды.