БастыСаясат

Солтүстік Кипр Түркия Республикасына – 41 жыл

Бүгін, 15 қарашада Кипр түрік халқының бостандық, тәуелсіздік пен егемендігі үшін киелі күресінің ең қасиетті жәдігері ретінде Солтүстік Кипр Түрік Республикасының (СКТР) құрылғанына 41 жыл толды.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) алғашқы Президенті Рауф Деңктаş 41 жыл бұрын бүгін «Кипр Түрік Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылғанын дүниеге жариялаймыз» деген сөздерімен КТР-нің құрылуын әлемге жар салды.

Бүгін, Солтүстік Кипр түрік халқының аралдағы саяси өмірін мемлекет ретінде дүниеге жариялаған маңызды кезең болды.

1983 жылы тәуелсіздігін жариялаған СКТР тек Түркия тарапынан мойындалды.

2022 жылы Өзбекстанның тарихи Самарқанд қаласында Түрік мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мемлекет басшыларының 9-шы саммиті өтті. Осы саммитте СКТР ТМҰ-ға бақылаушы мемлекет ретінде қабылданып, Солтүстік Кипр түрік мемлекеті алғаш рет өз атауымен халықаралық ұйымға қабылданған болды.

TuraNews

Back to top button