БастыСаясат

СОЦИС-А институты exit poll нәтижесін ұсынды

«КТК» телеарнасында кезектен тыс Мәжіліс сайлауының тағы бір Еxit poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Turanews.kz.

«СОЦИС-А» кешенді әлеуметітк зерттеулер институты жүргізген Еxit poll қорытындысына сенсек, Мәжіліс сайлауына үміткер қосқан партиялар сайлаушылардың даусын былай бөліскен:

1. Amanat партиясы – 54,42%%,

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,21%,

3. Respublica партиясы – 8,79%,

4. Қазақстан халық партиясы – 6,89%,

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,17%,

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,21%,

7.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 4,91%,

«Бәріне қарсымын» — бағаны — 4,4%.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.

Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.

Сауалнамаға 312 мың сайлаушы қатысқан.

TuraNews

Back to top button