ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан, Өзбекстан және Ресей арасында «газ одағын» құру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Turanews.kz.
Премьер-министрдің айтуынша, Қазақстанға газ одағын құру туралы ресми ұсыныстар түскен жоқ.
«Әзірге «үштік газ одағын» құру туралы ешқандай ресми ұсыныс түскен жоқ. Ұсыныс түссе, біз оны қараймыз. Бірақ қазір Ресей Федерациясымен газ жеткізу саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келіссөздер жүргізіліп жатыр», – деп жауап берді Әлихан Смайылов тілші сұрағына.
Премьер-министр Смайылов Ресеймен газ бойынша ынтымақтастық мәселесі екі жақты келіссөздер арқылы жүргізіліп жатқаны туралы хабарлады.
«Бұл қарым-қатынастардың барлығы коммерциялық және өзара тиімді шарттар негізінде құрылады».