Әлем

СКТР президенті: Біз әлемге емес, түркі әлеміне құшақ жайғанды жөн көреміз

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Эрсин Татар әлемді емес, түркі әлеміне құшақ алғанды  жөн көргендерін айтты, деп жазады Turanews.kz TRT-ге сілтеме беріп.

СКТР астанасы Никосияда «Түркі әлемінің интеграциясындағы СКТР-ның орны мен маңызы» атты панель ұйымдастырылды.

Панельге СКТР Эрсин Татар, Түркия вице-президент Джевдет Йылмаз, Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Бинали Йылдырым және Түркияның СКТР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Метин Фейзиоғлу қатысты.

Татар мұндағы сөзінде Солтүстік Кипр Түрік Республикасының  түрік ұлтының ажырамас бөлігі екеніне назар аударып, «Әрине біз әлемге емес, түркі әлеміне құшақ жайғанды  жөн көреміз» деді.

Татар 2022 жылы 11 қарашада президент Режеп Тайып Ердоғанның күш-жігерімен СКТР-ның Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы мәртебесімен қосылғанын еске салды.

TuraNews

Back to top button