
Анкараның Оран ауданында орналасқан ТҮРКСОЙ ғимаратында Исмет Корутоглу Бас хатшы Сұлтан Раев және Бас хатшының орынбасары Сайит Юсуфпен кездесіп, ТҮРКСОЙ-дың Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы іс-шаралар күнтізбесі туралы ақпарат алды.
Кездесуде Бас хатшы Раев ТҮРКСОЙ-дың Солтүстік Кипр Түрік Республикасында атқарып жатқан іс-шаралары және жоспарлары туралы ақпарат беріп, СКТР-ның Түркі әлемінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Сондай-ақ СКТР-да жүргізіліп жатқан іс-шаралардың маңыздылығына тоқталды.
Кездесу соңы естелік суретке түсумен аяқталды.