
Бұл туралы түріктің Hürriyet газеті келтірген дереккөздерге сілтеме жасай отырып Report агенттігі хабарлады.
– Жаңа Сирияны құрудың уақыты келді. Уақытша әкімшілік құрылғаннан кейін «жол картасы» жарияланады. Жаңа Конституция бекітіліп, халық санағы жүргізіледі және еркін сайлау процесі ұйымдастырылады, — деп жазады басылым.
Айта кетейік, Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Башар Асад билікті бейбіт жолмен тапсыратынын айтып, елден кеткенін мәлімдеген еді.