Саясат

Сирия процесінің кезекті отырысында қандай мәселелер талқыланады?

Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров елордада өтетін Сирия процесінің кезекті отырысында қандай мәселелер көтерілетін айтты, деп ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.

Бұл туралы ол сыртқы істер ведомствосында журналистермен болған брифингте мәлім.

«22-23 қарашада Астана қаласында «Астана форматында» Сирия бойынша жоғары деңгейдегі кезекті 19-шы Халықаралық кездесу өтеді. Кездесуге кепілгер елдер: Иран, Ресей және Түркия делегациялары. Сондай-ақ, оған Сирия үкіметі мен қарулы оппозициясының өкілдері қатысады. Байқаушы ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Иордания, Ирак пен Ливан өкілдері қатысуы мүмкін», — деді министрліктің ресми өкілі.

Айбек Смадияровтың мәлімдеуінше, келіссөздер барысында тараптар мына мәселелерді талқылайды:

— Сириядағы жағдай, оның ішінде гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық ахуал;

— Саяси процесті кешенді ілгерілету;

— Сенім шаралары, оның ішінде кепілге алынғандарды босату және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу;

— Біріккен ұлттар қауіпсіздік кеңесінің 2642 қарарына сәйкес, Сирияны қайта қалпына келтіру және сириялық босқындарды отанына қайтару үшін жағдай жасау мақсатында халықаралық қаумдастықтың күш-жігерін жұмылдыру;

Бұдан бөлек, келіссөздер шеңберінде кепілгер елдердің БҰҰ-мен және халықаралық «Қызыл крест» комитетінің мәжбүрлеп ұсталып отырған тұлғалар бойынша жұмыс тобының отырысы өтпек.

TuraNews

Back to top button