
Дамаск қаласындағы Дувейла ауданында орналасқан Мар Элиас шіркеуінде жанкешті жасаған жарылыстан кемінде 20 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жараланды, деп BBC хабарлайды.
Сирияның Ішкі істер министрлігі мәлімдегендей, шабуылдаушы террористік ұйымының мүшесі болған.
Ол шіркеуге кіріп, алдымен оқ жаудырып, артынша жарылғыш белдігін іске қосқан. Шабуылға екі ер адам қатысқан, оның бірі өзін жарып жіберген.
Грекияның Сыртқы істер министрлігі арнайы мәлімдеме жасап, лаңкестік әрекетті «жиіркенішті» деп атап, Сирия билігін шұғыл шара қабылдауға шақырды:
«Біз Дамасктегі грек православие шіркеуінде болған бұл жауыз әрекетті сөзсіз айыптаймыз. Сирияның өтпелі үкіметі кінәлілерді жазаға тартып, христиан қауымдастығы мен өзге де діни топтардың қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасауы тиіс», – делінген мәлімдемеде.