Саясат
СІМ: қазақстандықтар Ливаннан аман-есен оралды
Отандастарымыз Ыстанбұл мен Дубай қалалары арқылы ұшып келді
2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
СІМ ақпаратынша, Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеюіне байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен және тиісті мемлекеттік органдардың көмегімен Қазақстан азаматтары мен олардың отбасы мүшелері Ливаннан елге эвакуацияланған.
«Аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылып, нәтижесінде 2024 жылғы 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам аман-есен жеткізілді», — делінген хабарламада.
Эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілді.