БастыСаясат

СІМ: Қазақстан «Бір Қытай» қағидатын қолдайды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Тайваньдағы сайлау қорытындысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды TuraNews.kz.

«Тайваньда өткен сайлауға байланысты Қазақстан Республикасы «Бір Қытай» қағидатын табанды түрде қолдайтынын қайта мәлімдейді және Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет. Ал Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі екенін растайды. Қытай Халық Республикасы үкіметінің елді бейбіт жолмен біріктіру жолындағы күш-жігерін қолдаймыз», — делінген министрлік хабарламасында.

Еске сала кетейік, Тайваньдағы президент сайлауында биліктегі Демократиялық прогрессивті партияның (ДПП) кандидаты Лай Циндэ жеңіске жеткен болатын. Тайваньда сонымен бірге заң шығарушы юанға (Парламентке) сайлау өтті.

TuraNews

Back to top button