Саясат
Сианьде «Орталық Азия – Қытай» Хатшылығының қызметі бойынша консультациялар өтті
Аталған іс-шараға Орталық Азия елдері және ҚХР дипломаттары қатысты.
15-17 шілде – Азия-Тынық мұхит өңірі департаментінің директоры Ерғалым Нұрсәлімұлы бастаған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің делегациясы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы Хатшылығының қызметі бойынша 4-ші консультацияларға қатысты.
Консультациялар барысында тараптар көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды талқылады. Іс-шараның негізгі күн тәртібі 2024 жылғы 30 наурызда ашылу салтанаты өткен «ОА – ҚХР» форматындағы Хатшылықты құру жөніндегі құжаттарды келістіру мәселелерін қамтыды.
Сонымен қатар аталған іс-шара аясында Шэньси провинциясының вице-губернаторы Чэнь Чуньцзянмен кездесу өтіп, осы форматтағы өзара іс-қимыл келешегі туралы пікір алмасылды.
Келіссөздер дәстүрлі достық және іскерлік атмосферада өтті.