Қоғам

Шымкенттегі ​«Фосфоршылар» мәдениет үйі Жастар сарайына айналады

Шымкент қаласында қараусыз қалған «Фосфоршылар» мәдениет үйі жыл соңына дейін қала әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық меншігіне өтеді. Бұл туралы қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Instagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Оның айтуынша, бұрын ғимарат «Дархан групп» серіктестігінің меншігіне жататын.

Шымкент қаласының әкімдігі қалалық прокуратура мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментімен бірлесіп, мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау бойынша алгоритм әзірлеген болатын. 13 қарашада «Фосфоршылар» мәдениет үйін қаланың коммуналдық меншігіне қайтару бойынша келісімге қол жеткізілді, – деп жазды Ғабит Сыздықбеков.

 

TuraNews

Back to top button