Денсаулық

Шымкентте қызылша жұқтырғандардың саны 2700-ге жетті

Шымкентте қызылша жұқтырғандар саны 2700 жетті, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Шымкентте қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті. Жыл басынан бері қызылшамен науқастанғандар саны 2702 жетті. Ауырғандардың 80-85%-ы 14 жасқа дейінгі балалар болса, оның ішінде басым көпшілігін 6 жасқа толмаған жеткіншектер құрап отыр.

Қазір Шымкентте қызылшаға қарсы жаппай иммундау жүргізілуде.

«Қызылша тез таралады. Халықта қызылшаға қарсы иммунитеті жоқ адамдардың саны неғұрлым көп болса, әрбір адамның ауруды жұқтыру қаупі соғұрлым жоғары болады. Қызылшаның алдын алудың ең тиімді әдістерінің бірі – вакцинация. Бір ескеретіні, қызылшамен ауырған адамдар егілмейді! Ал алдын алу үшін қаланың барлық алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мекемелерінде демалыссыз тегін дені сау адамдарға қосымша жаппай иммундау жүргізіліп жатыр» — деді Шымкент қаласы СЭБД басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетова.

TuraNews

Back to top button