Мәдениет

Шығыста ұландықтар Наурыз тойын бастап кетті

Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдер «Наурыз» мерекесін тойлауды бастап кетті.

Ұландықтар ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы атаулы күндердің әрқайсына жете тоқталып, әр күннің ажарын ашып, салт-дәстүрге сәйкес жоралғылар жасады. Әскери қызметшілер Наурызнама он күндігіне орай ұлттық киім киініп, ақ дастархан жайысып, ұлттық ғұрыптарды қастерледі.

— Ұландықтар үшін Наурыз мерекесінің мән-мағынасы зор. Наурызды ұлықтау – халқымыздың салты мен дәстүрін жаңа кезеңге көтеру деп білеміз. Береке мен бірлікке шақыратын мейрам да әскери қызметшілер табиғаттың жаңаруы мен халықтың жаңа жылды қарсы алуына негізделген айтулы шаққа ерекше дайындалды, — дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарының міндеттерін уақытша атқарушы подполковник Денис Ча.

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мерейлі мереке қарсаңындағы әрбір көрнекті күндерді тойлап қана қоймай, өзге өңірлік қолбасшылықты да мерейлі мерекені атап өтуге ат салысуға шақырды. Қолбасшылық қазақы нақышта киім киініп, «Орталық» өңірлік қолбасшылығына челлендж жолдады. Осылайша, бабадан балаға мұра болып келе жатқан Наурыз мейрамының ұландық арасында кеңінен тойланып, сән-салтанатын аша түсуге өз үлестерін қосты.

TuraNews

Back to top button