Қоғам

Шығыста Экосақшылар өз жұмысын жалғастыруда

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының тиімділігін арттыру, табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Эко сақшы» жобасы басталған. 

Жобаға өңірдің әр ауылдық округінен 120 жас атсалысуда.

Жоба аясында эковолонтерлер азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп елді мекендерде ластанған орындарды, стихиялық қоқыстар жиналған аумақтарды анықтап, арнайы сенбіліктер өткізеді.

Бүгінде Самар ауданынан басталған экотур Күршім ауданында жалғасын тапты.

Арнайы құрылған жұмыс тобы Күршім ауданының экосақшыларымен кездесіп, Құйған ауылының жанында Бұқтырма су қоймасының жағасында сенбілік ұйымдастырды. Сенбілікке 30-дан астам жас қатысып, 200-ден астам қап қоқыс жинады.

Айта кетейік, жоба өңірдің экобелсендісі Танир Яссаның бастамасымен бастау алып әр қала, аудандарда өз жалғасын табуда.

 

 

 

TuraNews

Back to top button