“Шығыс салбурыны-2024” халықаралық фестивалінің ең жас қатысушысы – Нұрасыл Бақытбекұлы. Ол бес жаста. Соған қарамастан, бүркіт пен ителгіні қолға шақыру сайысына қатысып, бағын сынауда.
«Маған құс баптау ұнайды. Биыл «Шығыс салбурыны» фестиваліне бірінші рет қатысып отырмын. Мен құсты ұшыра аламын, шақыра аламын, ұстай аламын және осы құстармен аңшылыққа да шығамын», — деді «Шығыс салбурыны» фестивалінің ең жас қатысушысы Нұрасыл Бақытбекұлы.