Қоғам

Шығыс Қазақстанда мемлекетаралық іздеуде жүрген Тәжікстан азаматы ұсталды

ШҚО полицейлері іздестіруде жүрген шетелдік азаматты ұстады.

Тәжікстан азаматы бірнеше қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздестіруде болған, деп хабарлайды TuraNews.kz ҚР ІІМ Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары қызметкерлері Өскемендегі жалдамалы пәтерлердің бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында шетелдік қылмыскерді ұстады.

©ҚР ІІМ Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментіні

25 жастағы тәжікстандық бір жылдан астам уақыт бойы алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін іздестіруде болған.

Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәжікстан Республикасындағы әріптестеріне қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылуда.

Жыл басынан бері ШҚО ПД қызметкерлері іздестіруде жүрген 15-тен астам қылмыскерді ұстағанын айта кеткен жөн.

TuraNews

Back to top button