Қоғам

Шығыс Қазақстан облысының әкімі өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Бүгін елімізде құтқарушылар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.l, деп хабарлайды TuraNews.kz.

«Құрметті Төтенше жағдайлар министрлігінің және құтқару қызметінің қызметкерлері, ардагерлері!

Сіздерді Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Құтқарушы болу – ерекше мамандық. Бұл қызмет батылдықты, төзімділік пен жоғары кәсібилікті талап етеді. Адамдарды құтқару мен қайғылы оқиғалардың алдын алудың отандық жүйесінің негізін қалаған қызмет ардагерлеріне ерекше алғыс айтамын. Сіздер – кәсіпқойлықтың жарқын үлгісін қалыптастырып, құтқарушылардың жаңа ұрпағы үшін адамгершілік және моральдық бағдар болып отырсыздар. Құтқарушыларға зор денсаулық, отбасыларына амандық, игі істеріне табыс тілеймін!»

TuraNews

Back to top button