Қоғам

Шығыс Қазақстан облысында жолда жүрген аю видеоға түсіп қалды

Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауылы маңында жол бойымен келе жатқан аю видеоға түсіп қалды, деп Almaty.tv-ге сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды

Видео Tik-Tok-тағы Oskemenlive-парақшасында жарияланды.

Видеода қоңыр аю қар басқан жолмен кетіп бара жатқаны және оны түсіріп келе жатқан көліктен мүлде үркімегені көрсетілген.

Әлеуметтік желі қолданушылары жануар көмекке мұқтаж деп пайымдаған, өйткені олардың пікірінше, бұл уақытта аю қысқы ұйқыға жатуы керек болған.

TuraNews

Back to top button