БастыҚоғам

Шығыс Қазақстан облысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту және дамыту орталығы ашылады

ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданының әкімі А.Бекбосыновпен және «Баққуатты аймақ қоры» қорының өкілдері — Г.Абельдинова және А.Еркіновамен жұмыс кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларды, соның ішінде аутистік спектр бұзылыстары бар балаларды оңалту және дамыту орталығын құру жобасын іске асыруға байланысты өзекті мәселелерді талқылау, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Кездесу барысында Ұлан ауданының Бозанбай ауылында орналасқан «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталығы» КММ ғимаратындағы жөндеу жұмыстарының барысы қаралды. Сондай-ақ, болашақ орталықтың толыққанды жұмыс істеуіне қажетті қосымша мамандандырылған кабинеттерді орналастыру үшін босатылған амбулаториялық үй-жайларды қайта жабдықтау мүмкіндіктері зерделенді.

Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төртінші Ұлттық құрылтайда айтқан тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда және әрбір облыс орталығында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оңалтуға, оқытуға және дамытуға арналған заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған.

Аталған жобаның жүзеге асырылуы айтарлықтай әлеуметтік маңызға ие, инклюзивті қолдау жүйесін нығайтуға ықпал етіп, өңірдегі отбасылар үшін арнайы қызметтердің қолжетімділігін едәуір арттырады.

TuraNews

Back to top button