Қоғам
Шығыс Қазақстан облысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қызмет ету
Бүгін Конституция күнін мерекелеу қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Е.Ж.Нұрғалиев өңірлік балалар құқықтары жөніндегі уәкіл А.А. Каленовамен кездесу өткізді.
Отырыс барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік және қоғамдық мекемелермен өзара іс-қимылда олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, аймақтағы балалардың құқықтары мен мүдделерін ілгерілету бойынша жоспарлар мен жобалар туралы айтылды.