«Бәрі ішінде» қызметі бар қонақүйге тоқтайтын туристер қосымша шығындарға ақша алып керегі жоқ деп ойлайды. Алайда әр уақытта олай бола бермейді, деп Tengritravel.kz-ге сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
Артық шығынға ұшырамас үшін бірнеше ережені ұстанған жөн.
Экскурсияны гидтерден сатып алмаңыз
Турист келісімен алғашқ күні оны гид күтіп алады. Ол ел немесе қала туралы, қызықты орындар жайлы баяндап, экскурсиялар ұсынады. Мәселен, Түркияда бұл стандартты жиынтық, аймаққа байланысты аздап өзгереді: Памуккале, дайвинг, рафтинг, шатқалдар, яхтамен серуен және басқасы. Мұның жағымды жағы туристерді бірден қонақүйден алып кетіп, сонда қайта жеткізеді.
Алайда үнемдеу жолдары бар. Біріншіден, аталған көркем орынға дейін өз бетімен жетіп алуға және аудиогидті қолдануға әбден болады. Екіншіден, дәл сол экскурсияларды қалаларда жергілікті компаниялар 2-3 есе арзан бағада сатады.
Ақшаны әуежай немесе қонақүйде айырбастамаңыз
Валютаны айырбастаудың ең шығынды жолы ол әуежай мен қонақүйдеге айырбас. Барған жерде адамға сусын, тамақ алу керек және қоғамдық көлікке ақша керек. Осыны ескеріп ақшаның біразын ұшар алдында айырбастап алу керек, одан кейін барған жердегі банктер немесе басқа да ақша айырбастау орындарына барған жөн.
Түркияда әдетте қалалық айырбастау орындары бар. Алайда мұқият болыңыз, ондай жерде қызмет үшін комиссия алуы мүмкін.
Базарлықтарды базарға барып алыңыз
Түркияның ірі қалаларының бәрінде азық-түлік, алғашқы қажеттілік заттары мен базарлық сатылатын базарлар бар. Міне сауданы сол жерге барып жасау қажет. Мұны соңғы сәтке қалдырмаңыз, Duty Free орындарында базарлықтар айтарлықтай қымбат болады. Ең қымбат сыйлықтар қонақүй, көркем орындар маңындағы дүкендерде сатылады, осыны ескеріңіз.
Саудаласыңыз
Түркияда сауда ойын-сауық орталықтарында да саудаласуға болады. Желілік дүкендер саудаласа бастасаңыз айтарлықтай жеңілдік береді. Ал базарда саудаласпасаңыз саудагерге құрметсіздік танытқан боласыз. Саудаласа келе бастапқы бағаны 30 пайызға түсіруге болады, ал жақсы саудаласатындар затты жарты бағасына да алып кетеді.