Қоғам

ШҚО ТЖД құтқарушылары балалар үйінде аллея отырғызды

Офицерлер балаларды алдағы каникул кезіндегі қауіпсіздік нұсқаулықтарымен таныстырды.

Балаларды қорғау күніне орай құтқарушылар “Отбасы үлгісіндегі Балалар ауылында” барып, осы мекеменің тәрбиеленушілері және ұстаздарымен бірлесіп шыршалар отырғызды, деп хабарлайды TuraNews.kz.

“Ағаш отырғызғанда, біз өсіп келе жатқан ұрпақты табиғатты сүюге тәрбиелейміз. Егер ағаш еккенде жақсы көңіл-күймен жүрсек, онда ағаш көшеттері жақсы өседі, өйткені ағаш отырғызғанда балалар бір-біріне көмектесіп, достастықтарын көрсете білді” — деп айтты ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев.

«Мейірім» акциясы аясында құтқарушылар балалар үйінің тәрбиеленушісі Роман Цойға әлеуметтік-патронаттық қолдау көрсететіндіктерін айтты.

Балалар үйінің қонақтарына экскурсия ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қызметкерлер тұрмыстық жағдайларымен, қалай оқитындықтарымен, творчестволарымен танысты.

Офицерлер балаларды келе жатқан балаларды қорғау күнімен құттықтап, сыйлықтарын беріп, балаларғды алдағы каникул кезіндегі қауіпсіздік нұсқаулықтарымен таныстырды. Дәстүр бойынша бплалармен естелікке суретке түсті.

 

TuraNews

Back to top button