ШҚО ТЖД-да Ашық есік күні өтеді
«Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» аясында ШҚО ТЖД-да өскелең ұрпақ үшін Ашық есік күні өтті.

Құтқарушылар мен ТЖД әскери қызметкерлері өрт кезіндегі алғашқы әрекеттерді үйретіп, қауіпсіздік сауалнамасын өткізіп, төтенше жағдайлармен күреске арналған жаңа техника мен жабдықтарды таныстырды. Сондай-ақ Ашық есік күніне Қазақстан Қызыл Жарты айының ШҚ филиалының еріктілері мен ТЖМ апат медицинасы орталығының дәрігерлері қатысты. Олар зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын және адамдарды құтқаруға арналған жабдықтарды көрсетті.
Қатысушылар төрт аяқты әріптестері – құтқарушы лабрадорлармен де танысты.
ТЖД қызметкерлері өз қызметтері туралы әңгімелеп, балаларға арнайы техниканы көрсетті. Балалар құтқару жабдықтарын қызығушылықпен қарап, үлкен әрі функционалды құтқарушы көліктерге отырып, өздерін көмекке асыққан батырлардай сезінді.
Ұлдар мен қыздар құтқарушылармен өткізген күндеріне риза болып, көптеген жағымды эмоция алды.
Осындай профилактикалық іс-шаралар ТЖД-нің барлық аудандық бөлімшелерінде өтті.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл балалардың отпен ойнауынан туындайтын жазатайым оқиғалар мен өрттердің алдын алуға мүмкіндік береді.