ШҚО: Қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс орындарының қауіпсіздігі тақрыбында семинар-сабақ өткізілді
Сабақ барысында өзекті мәселелер көтеріліп, мысалдар келтірілді.
2024 жылғы 11 маусымда Ұлттық қауіпсіздік қомитетінің аумақтық департаменттері, полиция және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражайының 60 қызметкері үшін «Күдекті адамдар мен заттарды анықтаудағы әрекеттер алгоритмі» тақырыбы бойынша сабақ өткізілді, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Мұражай қызметкерлеріне объектінің аумағында құқық бұзушылықтар жасауға кедергі келтіретін жағдайлар жасау және алдын ала шаралар қабылдау, терроризм актісін жасау белгігілерін анықтау, бұл туралы басшылыққа, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына хабардар ету, бөлмелер мен аумақтарды қарау техникасы бойынша дағдыларды игеру, террорисік актіні жасау қаупі төнген кезде қажетті іс-қимыл тәртібі, терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу ережелері туралы ақпарат жеткізілді. Штаттық оқ-дәрілер мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың мүлгілері көрсетілді, «күдікті» заттар табылған кезде бірінші кезектегі іс-қимылдар алгоритмі айтылды. Сабақ барысында өзекті мәселелер көтеріліп, мысалдар келтірілді.
Сондай-ақ, объектінің басшылығы мен персоналы терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл желісі бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын бұзған жағдайда жауапкершілік туралы хабар етілді.
Мұражай қызметкерлері өздерін қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап алды.