ШҚО ПД-да конституция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Мереке қарсаңында тәртіп сақшылары медальдармен, мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапатталды.
Ағымдағы жылдың 30 тамызында жоғары жетістіктер мен әлемдік қауымдастыққа интеграцияланған тәуелсіз, экономикалық дамыған мемлекет құру жолындағы ілгерілеуімізді реттейтін маңызды құжаттың қабылданғанына 29 жыл толғанын атап өту керек.
Салтанатты шараны ашқан ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Алмаз Төкенов жиналғандарды құттықтап, полиция қызметкерлерінің жұмысы асқан төзімділікті, адалдық пен әділдікті, қоғамға жат кез келген көріністерге тайсалмай төтеп беруді қажет ететінін және ерекше құрметтің көрінісі қоғам мен мемлекет тарапынан сенім екенін айтып өтті.
«Сіздер барлық күш-жігерлеріңізді қылмысқа қарсы ымырасыз күреске бағыттап, Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуіне лайықты үлес қосатындарыңызға сенімдімін!», — деді полиция полковнигі А.Төкенов.
Бүгін дәстүр бойынша мерекеге орай жоғары кәсіби шеберлігі үшін, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес міндеттерін орындаудағы жетістіктері үшін облыстың үздік полиция қызметкерлері медальдармен, төсбелгілермен, грамоталар және алғысхаттармен марапатталып, сонымен қатар кезекті жаңа шендер табыс етілді. Сондай-ақ ШҚО ПД бастығының бұйрығымен бөлімшелердің ерекшеленген қызметкерлері де атап өтілді.
Іс-шара алғаш рет ШҚО ПД әнұранын орындаған Полиция департаментінің хорының қатысуымен өткен концертпен аяқталды.