Қоғам

ШҚО Күршім ауданында 30 жылдан кейін “Қазпошта” жылыту қазандығы қайта жұмысын бастады

Отыз жылдан астам уақыт бойы жұмысын тоқтатып тұрған “Қазпошта” жылыту қазандығы қайта іске қосылды

Биылғы жылыту маусымында толыққанды жұмысын бастау үшін қазандыққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жаңғырту шараларының арқасында бірнеше әлеуметтік және тұрғын үй ғимараттары қазандықтың жылуына қосылды.

Қазіргі таңда №4 Куршім орта мектебі, Духович көшесіндегі №18 үй, Б. Момышұлы көшесіндегі №18,20 көппәтерлі үйлері осы қазандықтан жылу алады. Бұл бастама өңірдегі тұрғындар мен мектеп оқушылары үшін үлкен қолайлы жағдай жасап, қысқы маусымда мекемелер мен тұрғын үйлерде жылы әрі жайлы ортаны қамтамасыз етеді.

— Отыз жыл бойы тоқтап тұрған қазандықтың іске қосылуы біз үшін қуанышты жағдай болды. Енді үйімізде тұрақты және ыңғайлы жылу бар,-деп қуанышымен бөлісті аудан тұрғыны.

Айта кету керек өткен жылы алғашқы қадам ретінде №1 жылыту қазандығы жөндеуден өткізіліп, екі көпқабатты тұрғын үй мен «Күршім» балабақшасы орталықтандырылған жылытуға қосылған болатын.

Жылу қазандығын жаңғырту аудан тұрғындарына арналған тұрмыстық және әлеуметтік жағдайды жақсартуға, сондай-ақ аймақтың дамуына қосымша серпін береді деп күтүлуде.

TuraNews

Back to top button