ШҚО-дағы Глубокое ауылында жабық хоккей корты пайда болады

Бұл туралы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Глубокое ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. Қазір жер учаскелерін ресімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құрылысы 2026-2028 жылдарға жоспарланған.
Аудан үшін тағы бір маңызды жоба Белоусовка кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені болмақ. Оның құрылысы шамамен 1,1 миллиард теңгеге бағаланады. Ауданда «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бүгінде 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы жалғасуда. Ал Ушаново ауылында демалыс орталығын күрделі жөндеу жоспарланған.
«Аудан әкімі осы жылдың 1 қарашасына дейін аудандық бюджет есебінен Глубокое кентінде жабық хоккей кортын және Белоусовка кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп, сараптама алуы қажет. Сондай-ақ, Дене шынықтыру және спорт басқармасына салалық қорытынды алу үшін инвестициялық ұсыныстарды ұсыну қажет», — деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.