Қоғам
ШҚО-дағы елді мекендердің бірінде «Таза Қазақстан» акциясы өтті
Шемонаиха ауданындағы Усть- Таловка кентінің тұрғындары "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында 500 гектар аумақты, оған қоса Уба өзенінің жағасын тазалады.

Өңірде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы әлі де белсенді түрде жүргізіліп жатыр.
Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай Усть-Таловка тұрғындары, мектеп оқушылары және «Горняк» клубының ұжымы экологиялық акцияға белсене қатысып, алты көлік қоқыс жинады.
Акция аясында «Даңқ аллеясының» маңы абаттандырылып, 500 шаршы метр аумаққа тазалық жүргізілген. Сондай-ақ экологиялық акцияға қатысушылар Уба өзенінің жағасында 15 қап қоқыс жинап, табиғат тазалығына өзіндік үлестерін қосты.