Қоғам

ШҚО-да су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режиміенгізілді

Шығыс Қазақстан облысының аумағында көктемгі су тасқыны кезеңіне байланыстыжоғары дайындық режимі енгізілді. Ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу жәнежедел әрекет ету үшін азаматтық қорғау қызметтерінің шамамен 3700 маманнанқұралған күші әзірлікке келтірілді.

Дайындық шаралары шеңберінде 240-қа жуықмотопомпа, құтқару бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдарға тиесілі 75жүзу құралы және 500-ден астам арнайы техника сақадай сай тұр. Сонымен қатар58,7 мың қап, 9957 тонна инертті материал және 386 тоннадан астамжанар-жағармай қоры жасақталған.

Қазіргі таңда елді мекендер аумағынан 258 мыңтекше метрден астам қар шығарылды. Өзен-көлдердегі ахуал тұрақты бақылауғаалынып, тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындардыкөктемгі су тасқынына алдын ала дайындалуға шақырады.

Мамандар ауланы қардантазалап, арық-атыздар мен су өткізу арналарының мұзын уақытылы аршуды ұсынады.Бұл еріген судың кедергісіз ағуына мүмкіндік береді.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 бірыңғай нөміріне хабарласу қажет.

TuraNews

Back to top button