Қоғам

ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындықты тексеру бойынша жұмыс топтары жұмыс істеуде

Облыста су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда.

Облыс арнайы жұмыс топтары құрылды, оған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ШҚО ТЖД, «Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» РММ және басқа да мүдделі органдардың мамандары кірді.

Қазіргі уақытта мамандар қар шығару, су өткізгіш құбырларды және каналдарды тазарту бойынша алдын алу жұмыстарын мен оның сапасын тексеруде, сонымен қатар нөсер кәрізін, ГТҚ жай — күйін, қажетті материалдық-техникалық құралдарды дайындау барысын тексеруде, халықпен жүргізілетін профилактикалық жұмыстарға, тасқын суларды апатсыз өткізу бойынша қабылданатын шараларға талдау жүргізуде.

Сондай-ақ жұмыс топтары кәсіпкерлермен азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізуге, адамдарды орналастыруға, ТЖ жағдайында азық-түлік тауарларын жеткізуге, көлік қызметтерін көрсетуге, ЖЖМ жеткізуге ниет-шарттар жасалғанын тексереді.

Сонымен қатар, әкімдіктер мен ауылдық округтерде жауапты лауазымды тұлғалардың тәулік бойы кезекшілік ету кестесі, су тасқыны кезеңінде ТЖ болған жағдайда халықты хабардар ету сұлбасы айқындалған.

Бұл ТЖ кезінде уақтылы әрекет етпеуге және кемшіліктерді уақытында жоюға мүмкіндік береді.

Мамандардың осылайша жүргізілген мониторингі ТЖ кезінде уақтылы ден қоймауға және кемшіліктерді уақтылы жоюға мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда, өңірде жергілікті атқарушы органдармен 1267 су өткізгіш құрылыстар, ұзындығы 47,2 км 19 арналарды, ұзындығы 106,8 км 173 арықтарды тазарту жұмыстары жүргізілді, 298 мың м. куб қар шығарылды, 76,8 мың мөшек қаптар, 9,2 мың тонна инертті материалдар, 285 тонна ЖЖМ дайындалды.

TuraNews

Back to top button