Қоғам

ШҚО-да қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңестер өтті

28-30 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мира Бекқожина Самар, Күршім және Марқакөл аудандарында көшпелі семинар-кеңес өткізді, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Көшпелі семинардың мақсаты – мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманың, Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу.

Кездесулер барысында мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыру, қызметтік мінез-құлық стандарттарын сақтау және мүдделер қақтығысының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар жұмысына аудандық әкімдіктердің қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бағынысты ұйымдардың мамандары қатысты. Қатысушылар қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ішкі бақылау рәсімдері және құқықбұзушылықтарға ден қою тетіктеріне қатысты практикалық жағдайларды талқылады.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық және этикалық мәдениетті нығайтуға, сондай-ақ олардың қоғам алдындағы жауапкершілік деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Аймақтарда осындай көшпелі кездесулер өткізу құқықбұзушылықтардың алдын алудың және азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттырудың тиімді құралы болып табылады.

Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, нақты жағдаяттар мысал ретінде талқыланды. Қызметтік мінез-құлық талаптарын іске асыру жөніндегі тәжірибелер бөлісіліп, практикалық дағдылар бекітілді. Сонымен қатар, этикалық нормаларға қатысты жиі кездесетін қателіктер мен оларды болдырмау жолдары сөз болды.

 

TuraNews

Back to top button