ШҚО-да өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде
Бірінші кезекте, аулаларды аралау, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын жерлерде жүргізілді.
Бірінші кезекте, аулаларды аралау, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын жерлерде жүргізілді. Негізгі мақсаты — халықты, қатты отынмен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерімен таныстыру.
Аулаларды аралау барысында, пештер мен түтін мұржаларын орнатуға басты назар аударылады, пештер мен түтін мұржаларының құрылғысы бұзылған жағдайда, үй иелеріне оларды жою бойынша ұсыныстар беріледі.
Жыл сайын жылыту кезеңінде облыста 300-ге дейін өрт болады.
Бірінші кезекте, аулаларды аралау, халықтың әлеуметтік осал топтары тұратын жерлерде жүргізілді.
«Өрт қауіпсіздігі айлығының бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының 3101 тұрғын үйінде профилактикалық жұмыс жүргізілді, 2800-ге жуық азаматқа нұсқау берілді. Аралау кезінде 1304 үйде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы анықталды, мұнда 597 – сі пешпен жылытуға байланысты, 515 – і электр жабдықтарын тиісінше пайдаланбаумен, 198-і басқа себептермен байланысты. Тұрғын үй секторында айлықты өткізуге қатысу үшін азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінен басқа аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері, еріктілер және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырады», — деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.
Үйлерді аралау барысында көміртегі тотығы датчиктері орнатылды, жоғарыда аталған отбасыларға пештерді тазалауға және оларды өртке қауіпсіз күйге келтіруге көмек көрсетіледі.
Соңғы жылдары өңірде барлығы 15 мыңға жуық «ақылды» датчиктер орнатылды, олар 42 адамның, оның ішінде 32 баланың өмірін сақтап қалды.
ШҚО ТЖД азаматтардан пешті қыс мезгіліне алдын ала дайындауды, тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды:
— жылыту маусымы басталар алдында пеш пен түтін мұржаларының жарамдылығын тексеру қажет;
— пешті тексеру жүйелі болуы керек;
— пештен қауіпсіз қашықтықта отын мен басқа да жанғыш материалдарды жинау қажет;
— пешті от жағуды ұйқыдан 2 сағат бұрын тоқтату керек.