Қоғам
Trending

ШҚО-да кезекті өрт сөндіру пункті ашылды

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды ауылында 151-ерікті өрт сөндіру пункті. Ол 1280-ден астам тұрғыны бар Маралды,Үшбұлақ, Қыстау-Күршім ауылдарын қорғайды.

Жаңа нысан «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында құрылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне тұрғындар, ауыл белсенділері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы қатысты.

Айта кету керек, ашық өрт сөндіру пункті өрт сөндіру және құтқару жабдықтарымен, байланыс құралдарымен және жеке құрамға арналған жабдықтармен жабдықталған,
тәулік бойы қызмет атқаруға арналған қызметтік-тұрмыстық үй-жайлар жағдайы жасалған.

Ерікті өрт сөндіру бекеттерінің желісін дамыту ауылдық елді мекендер тұрғындарының, әсіресе шалғай аудандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

TuraNews

Back to top button