Қоғам
ШҚО-да жоғары дайындық режимі жарияланды
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкіміне сәйкес Шығыс Қазақстанда 2025 жылғы 01 ақпаннан бастап азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілді.
ШҚО-да су айдындарына мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар 156 мың текше метрден астам қар шығарды. Су тасқыны қаупі төнген кезеңде облыста жедел ден қою үшін жеке құрамның 2511 адамы, 242 мотопомпасы, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың 46 жүзу құралы, сондай-ақ 800-ден астам техника топтастырылған. 64 мың дана қаптар, 9323 тонна инертті материалдар және 263 тоннадан астам ЖЖМ дайындалды.
ШҚО ТЖД тұрғындарға көктемгі кезеңге дайындалуды ұсынады:
— аула аумағын қардан, арықтарды мұздан тазарту — бұл еріген судың ағуын қамтамасыз етеді
— мүмкіндігінше үйінділерге арналған қаптар мен инертті материалдардың болуы
Төтенше жағдай кезінде дереу 112 телефоны бойынша хабарлаңыз.