Қоғам
Trending

ШҚО-да «Газет – тарихтың тірі куәгері: Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының шежіресі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті

2 ақпан – Баспасөз күніне орай Тарбағатай ауданында «Газет – тарихтың көзі: Тарбағатай ауданының шежіресі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Тағылымы терең бұл шара өңірдің рухани өмірінде айрықша орны бар, аудан тарихын жылдар бойы хатқа түсіріп келе жатқан басылым жолына көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі болмақ.

Маңызды басқосуға аудандық «Тұғырлы Тарбағатай» газетінде әр жылдары еңбек еткен журналистер мен қызметкерлер қатысады. Сондай-ақ елдің түкпір-түкпірінде жүрген ардагер қаламгерлер мен сала өкілдері Zoom платформасы арқылы онлайн форматта байланысқа шығып, өз ой-пікірлерін ортаға салады.
Іс-шара аясында газет тарихынан сыр шертетін арнайы көрме ұйымдастырылып, басылымның мерейтойлық сандары мен 2011 жылдан бері мұқият сақталған архивтік нөмірлері көпшілік назарына ұсынылады. Бұл құнды дүниелер өңірдің өткенін көз алдына әкеліп, баспасөздің жылдар бойғы жолын айшықтай түспек.

Дөңгелек үстел барысында басылымның қалыптасу кезеңдері, әр дәуірдегі редакциялық ұстанымдар, журналистиканың қоғамдағы маңызы мен бүгінгі беталысы кеңінен талқыланады. Ардагер журналистердің жүректен шыққан естеліктері мен ой-толғамдары жас буынға тағылым болып, қаламгерлік дәстүрдің сабақтастығын айқындайды.

TuraNews

Back to top button