Қоғам
ШҚО-да «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
ШҚО-да ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға бағытталған «Аnti – fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Криминалдық полиция, тергеу бөлімшелері қызметкерлерінің қатарынан мамандырылған жедел — іздестіру топтары азаматтарды алдаған алаяқтарды анықтау және ұстау мақсатында өңір аумағында да, басқа облыстарда да бірқатар іс-шаралар өткізеді.
Осы кезеңде контрафактілік өнімдер мен басқа да интернет – қылмыстардың таралу фактілерінің жолын кесуге ерекше назар аударылды.
Полиция департаменті ШҚО-ның барлық азаматтарын қырағы болуға және құқық бұзушылық фактілеріне тап болған жағдайда 102 арнасына дереу хабарлауды сұрайды.
Жедел-профилактикалық іс шара 15 тамызда аяқталады.