Саясат
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ҚХР ШҰАР Алтай ауданының басшысымен кездесті
Кездесу барысында делегациялар ауыл шаруашылығы, көлік, логистика және туризм салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Делегация өкілдері 2 елдің арасындағы туризмді дамыту мәселелерін де талқылады. Облыс әкімі Ермек Көшербаев «Қанас көлі– Марқакөл көлі– Катонқарағай ауылы» трансшекаралық туризм маршрутын дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарын атап өтті.
Айта кетейік, бұл жоба Мемлекет басшысы жариялаған «ҚХР-дағы Қазақстан туризмі жылы» аясында өңірде туризм саласын дамытуға мүмкіндік береді.