Қоғам
ШҚО әкімі биыл жол құрылысын аяқтауды тапсырды
Тарбағатай ауданына жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Абай облысынан Шығыс Қазақстан облысына қарай бағытталған жол құрылысының барысын тексерді.

Жолдың жалпы ұзындығы – 415 шақырым, оның 231 шақырымы ШҚО аумағы арқылы өтеді. Қазіргі таңда 214 шақырым жолда асфальт төселіп, көлік қатынасы қамтамасыз етілген.
Облыс әкімі жол құрылысының созылып кеткенін сынға алды.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қалған жол учаскесінің құрылысын аяқтауы қажет. Егер қандай да бір мәселе болса, ашық айтып, шешу жолдарын қарастырайық. Бірақ жол құрылысын биыл аяқтау керек», – деді облыс әкімі.