Әлем
Шинейд О’Коннор өмірден өтті
Шинейд О’Коннор, мұсылман болғаннан кейін атын Шухада Давитт деп алмастырған ирландиялық әлемге танымал әнші қайтыс болды деп хабарлайды Turanews.kz BBC-ге сілтеме жасап.
56 жастағы әншінің отбасы «Сүйікті Шинейдіміздің қайтыс болғанын білдіреміз» деп хабарлады.
«Nothing Compares 2 U» әнімен 1990 жылдары әлем көлемінде атағы шыққан және жеке альбомдарымен бірге көптеген қайырымдылыққа қатысып, концерт берген әнші бүгінге дейін 10 альбом шығарды.
Ол 2018 жылы мұсылман болғанын хабарлаған болатын.