Қоғам

Шетелдегі қазақ балаларына арналған жазғы лагерь ашылды

Онда балалар атқа міну, садақ ату, асық ойнау, киіз үй тігу, ұлттық аспаптарда ойнауды үйренеді.

«Отандастар қоры» шілде айында қазақы стильде жазғы лагерь ұйымдастырады. Лагерь бағдарламасында балалар атқа міну, садақ ату, асық ойнау, киіз үй тігу, ұлттық аспаптарда ойнау, интенсивті форматта қазақ тілін үйрену сияқты ұлттық құндылықтармен қатар мобилография сияқты заманауи сабақтар өтеді. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Қазақстандағы үздік университеттердің білім көрмесінде елде оқу мүмкіндіктерімен танысып, белгілі тұлғалардың шеберлік сағаты мен танымал жұлдыздардың қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаларға қатыса алады.

Лагерьге қатысу шарты:

  • Лагерьге 12-17 жастағы шетелдегі этникалық қазақ балалары қатыса алады. Бұл үшін олар «Отандастар қорының» ұйымдастыруымен өтетін онлайн байқауларға қатысуы керек.
  • Лагерь уақыты – 2023 жылдың 1 шілдесінен 14 шілдеге дейін.
Source
Informburo.kz

TuraNews

Back to top button