Спорт
Шахмат тәжі үшін талас: үшінші партия да тең аяқталды

Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін өтіп жатқан матчтың үшінші партиясы да тең аяқталды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Үшінші партияда Ян Непомнящий ақ фигуралармен, қытайлық гроссмейстер қара тастармен ойнады. 30-жүрісте екі шахматшы тең түсіп, 0,5 ұпайдан еншіледі.
Қазір ресейлік шахматшының қоржынында 2, ал Дин Лижэньде 1 ұпай бар.
Матчтың төртінші партиясы бүгін, 13 сәуір күні Астана уақытымен 15:00-де басталады.
Айта кетейік, осыған дейін шахмат тарихында 16 чемпион шыққан. Астанада әлемнің 17-чемпионы анықталады.