ӘлемСпорт

Шахика Ержүмен 100 метрде Түркия рекордын жаңартты

Түрік спортшы Шахика Ержүмен 100 метрде Түркия рекордын жаңартты, деп хабарлайды Turanews.kz.

Суға еркін сүңгу бойынша әлем кубогында жарысқан ұлттық сүңгуші Шахика Ержүмен 100 метрде түрік рекордын жаңартты.

Багамадағы жарыстың 9-шы және соңғы күнінде Шахика Ержүмен 100 метрге 3 минут 14 секундта сүңгу арқылы рекордтың жаңа иесі атанды.

Ержумен сонымен қатар Түркияның еркін сүңгу тарихында ерлер мен әйелдер арасында тұрақты салмақпен 100 метрге дейін сүңгіген алғашқы спортшы атағын алды.

Словениялық спортшы Аленка Артник 111 метрге 3 минут 41 секундта сүңгу арқылы әлемдік рекорд жасады.

Source
TRT

TuraNews

Back to top button