БастыСаясатЭкономика

Сенат Түркі мемлекеттері ұйымы елдері арасындағы сауданы дамыту құжатын мақұлдады

Сенат "Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлданды.

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкіметтері арасында оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді қарады және өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.

«Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң кедендік операциялар процесін жеделдетуге және тиісті рәсімдер құжаттарының санын қысқартуға арналған. Сондай-ақ құжат сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға және Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы өзара экономикалық интеграцияны нығайтуға ықпал етпек.

«Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру мәселесіне ерекше тоқталып, нақты тапсырмалар берген болатын. Бұл – тәуелсіз мемлекетіміздің алдында тұрған стратегиялық маңызы бар міндеттердің бірі. Бүгін қаралған заң осы мақсатқа қол жеткізуді көздейді. Келісім Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер арасында жеңілдетілген кедендік бақылау орнату үшін құқықтық негіз қалыптастырады. Мақұлданған заң жүктерді тасымалдау көлемін арттырып, тараптар арасында сауда-экономикалық белсенділіктің өсуіне оң әсерін тигізеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

 

TuraNews

Back to top button