Қоғам
Семейдегі орман өрті: тағы 500 әскери қызметші дайын тұр
Қарулы күштердің әскери қызметшілері мен әскери техникасы Абай облысындағы өртті сөндіруге тартылды, деп хабарлайды Turanews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Қорғаныс министрі Қарулы күштер бөлімшелерінің іс қимылдарын жеке өзі үйлестіруде.
«Өртті сөндіруге 300-ден астам әскери қызметші қатысуда, 30 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға алғашқы болып армиялық авиацияның Ми-17 және Ми-171Ш тікұшақтарының экипаждары кірісті. Жалынмен күресу кезінде 400 тоннадан астам су төгілді», — деп жазды ведомстводан.
Дағдарыс ауданына 500-ден астам әскери қызметші жіберілуге дайын тұр.
ҚР Қарулы күштері өртті оқшаулап, оны жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.