Сауд Арабиясында жолаушылар автобусы өртеніп, ондаған адам қаза тапты
Сауд Арабиясының оңтүстік батысында адамға толы автобус көпірге соғылып, аударылды. Жол апатынан 20 адам қаза тауып, тағы 29 жолаушы жарақат алған.
Saudigazette.com.sa басылымының мәліметіне жүгінсек, жол апаты Абха қаласын Махаил-Асир губернаторымен байланыстыратын Ақаба ауданындағы жолда болған. Жолаушылар автобусы Асир провинциясынан Меккеге бет алыпты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апат тежегіш жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінен болған. Автобус көпірге соғылып, аударылып, өртеніп кеткен. Зардап шеккендер оқиға орнына жақын ауруханаға жеткізілді.
Азаматтық қорғаныс және Сауд Арабиясының Қызыл Жарты Ай командалары, сондай-ақ қауіпсіздік органдары апат туралы ақпарат алғаннан кейін оқиға орнына жетіп, құтқару жұмысын жүргізіп жатыр. Жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.