Әлем

Сауд Арабиясы қажылыққа баратындарға коронавирус шектеулерін алып тастады

Сауд Арабия билігі коронавирус пандемиясына байланысты қажылық жасауға қойылған шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Turanews.kz «Анадолы» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«Қажылыққа келетін адам саны пандемияға дейінгі көрсеткішке жетеді, жас мөлшеріне қатысты шектеу болмайды», – деді корольдіктің Қажылық және ұмра министрі Тауфиқ әл-Рабия.

Министрдің айтуынша, енді олар Сауд Арабиясында қызметтерді көрсету бойынша кез келген өкілетті компаниямен келісімшарт орната алады.

«Серіктестерімізбен бірге қажылыққа келушілердің жұмысын жеңілдету мақсатында NUSK платформасын іске қостық», – деді Тауфиқ әл-Рабия.

Сауд Арабия соңғы үш жылда короновирустың таралуынан қауіптеніп қажылық жасаушылар санын шектеген еді.

TuraNews

Back to top button